Нұры айдай аруға
Moonlight
Шілде, 2026
Сейілтетін бойымдағы мұңымды, Төкші маған ай жүзіңдей нұрыңды Көздеріңе телміріп ұмытамын Жер жаһанда жасырынған зұлымды.
Сүмбіл шашың жібек неткен, бұрымды Күміс күлкің гүлдендірер ғұмырымды Құдай өзі шеберлікпен қашапты Сұлу біткен шағын мүсін мұрныңды.
Ыстық күнде, салқын кеште серуен, Өткіземіз жарық жұлдыз терумен. Қаншалық алыс барар, білмеймін, Екеуміз бастаған бұл керуен.
Шымшық болып сайрайсың ба бағымда, Тырна болып самғайсың ба сағымда? Әлде, нұрым, айым менің асқақтап, Аққу болып қонбайсың ба жаныма?
– Жаннұр Елнарұлы