Ей, Уақыт!

O Time!

Ақпан, 2026

Естимісің жылаған байғызды сен, Жоқтаған құлазыған даласын кең Ағынына дарияңның аққан жойқын, Қайығым шыдай ма екен баяу ескен?

Құлақ салмай үніңе болдым керең, Неткен биік, қолжетпес еді өрең Суық ізі қанжарыңның емес пе екен Әжемнің жүзіндегі әжім терең?

Жүзжылдық ағаштарды қуратасың, Кей-кейде үміт сыйлап қуантасың Өзіңнен соң тек жалғыз қалар бірақ, Қақшиып тұрған дара қара тасым.

Бағындырсам болады сені қалай? Өткізем ғой ойлаумен кешті талай Пәнидің жалғандығын сезем әркез Өткенде сен жүрегімді жанай-жанай.

– Жаннұр Елнарұлы