Айтшы, Қарақұс
Tell Me, Eagle
Тамыз, 2026
Аласұрған сұсты суық жүзіңде Мұң жатқанын аспан ғана аңдады-ау Құлазыған шексіз сенің түзіңде Сыр ақтарар ешкімің де қалмады-ау.
Көзің өткір, шалғың әлі тозбаған Қанаттарың ғұмырыңды әлі озбаған Шошақ мазар басындағы ұяңа Көптен бері ешкім келіп қонбаған.
Әлдене іздегеңдей көкті ұзақ шарлайсың Кездесіп қалар біреу деп өз-өзіңді алдайсың Сағым болған арманыңа жете алмай Будақ бұлтқа құлаш жазып самғайсың.
Ұмытасың өзіңдегі жігерді Тырнақтарың түлкіні де ілерді Жалғыз ұшып көкжиекке ұмтылу, Шерден басқа, айтшы, саған не берді?!
– Жаннұр Елнарұлы