Тылсым түс
An Uncanny Dream
Желтоқсан, 2025
Ымырт жаулап шегі жоқ кең түзімді, Самал жел сипайды кеп бет-жүзімді Ақселеу тырнап-шырмап аяғымды, Батырды тұңғиыққа бір өзімді.
Қарасам алдымда тұр жалғыз бейіт, Еске түсті бабаларым болған шейіт Отыр екен төбесінде бір қарақұс, Шақырғандай танытып жұмбақ кейіп.
Ақырын бастым адым алға қарай, Айтар ма екен ол сырын көп ұзамай Әттең ұшып кетті ғой бір мезетте, Қалғаным оны лезде мен аңғармай.
– Жаннұр Елнарұлы